Стоматология факультеті деканының барлық курс студенттерімен кездесуі

Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы және факультеттің қызметкерлері барлық курс студенттерімен төменде көрсетілген күндерде жиналыс өткізді.

1 курс – 20.02.2017

2 курс – 21.02.2017

3 курс – 27.01.2017

4 курс – 30.01.2017

5 курс – 22.02.2017

6 курс – 31.01.2017

Жиналысқа стоматология факультетінің Академиялық жұмыстар бойынша декан орынбасары Құсмолдаева Ж.Н., Әлеуметтік тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жексембиева А.Д., Халықаралық қатынастар және интернатура бойынша декан орынбасары Жакыпбекова Б.Н., Көші қон бөлімінің инспекторы Алтыхай М., Қабылдау,кәсіби бағдар,студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының басшысы Кусайнова А.Т.,медициналық білім беру орталығының маманы Хожамқұл Р.А., барлық курстар бойынша тьюторлар және стоматология факультетінің кафедра оқытушылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды :

  1. Алматы қаласында тұрақты тіркелісі жоқ студенттерге уақытша тіркеліс туралы мәліметтер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  1. Келісім шарт негізінде оқитын студенттерге оқу ақысының 30% төлеу керектігін ескерту.
  1. 2016 – 2017 оқу жылы бойынша барлық курстардың қысқы емтихан сессиясының талдау нәтижесі.
  2. Студенттердің оқу үлгерімін жоғарылату жолдарын қарастыру.
  3. Студенттердің сабағын өтеуге берілген жолдамаға өзгерістің енгізілгенін мәлімдеу.

Жиналыс барысында студенттердің оқу үлгерімі және қысқы сессияның емтиханы бойынша жан жақты айтылып, қорытынды анализ жасалды. Әрбір курс бойынша үлгерімі ең жақсы группа және ең төмен группа анықталды.Сонымен қатар студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген барлық сұрақтарды қойып, толықтай жауаптар алды. Қорытынды сөзде факультет деканы Амантаев Б.А. студенттерді жақсы оқып, білімді болуға шақырды және факультетіміздің абыройын асқақтату сіздердің қолдарыңызда деп сенім білдірді.