«ЭКСПО 2017» болашақтың энергиясы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ” атты жолдауында көрсетілгендей Астана қаласында өтетін дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесі баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған болып табылады. «Экспо – 2017» дүниежүзілік көрмені өткізу Қазақстан Республикасы үшін маңызды жобалардың бірі.

Жолдауға сәйкес, ортопедиялық стоматология кафедрасының кураторлары Сафаров Т.С., Султанова Э.И., Астахова И.А. стоматология факультетінің 2,3,4 және 5 курс студенттерімен “Болашақтың энергиясы” атты кураторлық сағат өткізді.

Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық «Экспо – 2017» көрмесінің маңыздылығы туралы кураторлар студенттерге айтып өтті. 2017 жылғы көрмеге қатысушы мемлекеттер жаңартылатын энергия көздерін және қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық таза энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктері мен болашағы туралы көрсетеді.

Көрменің символы сәуле, қуат, мөлдір. 100-ден астам елдің өкілі қатысады деп күтілуде.