«Ұстазға тағзым»

Жыл сайын күздің алғашқы күндері ұстаздар қауымының төл мерекесімен қатар келеді.
2 қазан күні «Арена» театрында «Медициналық биофизика және биостатистика» модулінің аға оқытушылары З.К.Умирбекова, Г.К.Нуртаева, профессор М.О.Нурмағанбетова және «Стоматология» факультетінің 1 курс СТ-14-005, СТ-14-006 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұстазға тағзым» атты мерекелік іс-шара өтті.
Кешті «Стоматология» факультетінің деканы Б.А.Амантаев құттықтау сөзбен ашты. Кеште арнайы қонақтар: Чайковский атындағы музыкалық колледждің 4 курс студенттері Е.Жамбулов, Б.Мейірбек әнмен шашу шашса, Құрманғазы атындағы консерваторияның 3 курс студенті Ә.Искакова Құрманғазының «Адай» күйін көрерменге тарту етті. Университет студенттері өз өнерлерін ортаға салды.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Шәкірттер санасына сәуле шашып,
білім отын маздатқан ұстаздар қауымы!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріңіз үстем бола берсін!