Әлемдік ғылымның дамуындағы Ғалымдардың үлесі

Жыл сайын берілетін Нобель сыйлығының иегерлерін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Физика және биофизика (медицина) саласындағы сыйлық иегерлерін дәріптеу мақсатында 02.03.2017 күні «Этикалық кеңес» пен «Биофизика курсы» (проф. Адибаев Б.М., аға оқыт.Алмабаева Н.М., оқыт. Абдрасилова В.О.) біріге отырып «Әлемдік ғылымның дамуындағы Ғалымдардың үлесі» тақырыбында іс – шара ұйымдастырды.

Шарада профессор Ж.Ғ.Мустафина «Экология. Радиация. Денсаулық» тақырыбында шолу жасады.

Содан кейін студенттердің баяндамалары: физикадан, биофизикадан (физиология), фармациядан және медицина саласындағы топ жарған ғалымдар (Нобель сыйлығының иегерлері) туралы үш тілде тыңдалды.

Іс – шараға Стоматология факультетінің 2 курс студенттерімен бірге басқа да факультеттердің студенттері де қатысты. Сонымен қатар бұл сыйлықтың аясындағы қызықты жайттар мен оқиғалар да тыс қалмады.

Іс – шара соңында биофизика курс профессоры М.О.Нурмаганбетова қорытынды сөз сөйледі.