«Астана –әлем қаласы»

1999 жылы біздің Астана әлемдік деңгейде танылды. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағына ие болды. Бұл Құрметті атақ қысқа уақыт ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуында табыстарға қол жеткізетін, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра алатын ғаламшардың жаңа қалаларына беріледі. Астана қаласының 20 жылдығына орай №5 жатақхананың оқу залында 09.04.2018 күні «Астана-әлем қаласы» тақырыбында пікір –сайыс (дебат) өтті. Пікір –сайысқа биофизика курсының доценті Адибаев Б.М., аға оқытушылар Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және СТ17-001,003 топ студенттері қатысты. Астана – халықтың сеніміне, үміттеріне, болашағына және олардың ұрпақтарының болашағына деген сенімінің нышаны.