Алғыс айту күніне орай сенбілік

1 наурыз жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күніне орай № 5 студенттер үйінде стоматология мектебінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті.

Айтулы сенбілікке Стоматология мектебі кафедраларының кураторлары (ортопедиялық стоматология, хирургиялық стоматология, биофизика, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер) студенттік Кеңес және жатақханада тұратын студеттер қатысты.

Студенттер сенбілікке белсенді қатысып, өзіміз тұратын қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосты.