«Жастар біздің болашағымыз»

30 наурыз 2019 жылы сағат 13.30-да «АҚ ҰМУ» №2 жатақханасында «Жастар біздің болашағымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

  1. Жастар жылына байланысты студенттерді өмірге деген қызығушылығын арттыра келе елімізге, жерімізге деген көзқарастарын арттыру.
  2. Жастар жылына байланысты дөңгелек үстелдерге, іс-шараларға белсенді ат салысып қатысып жүрулерін қамтамасыз ету.

Аталған іс-шараға барлық мектептерден 40 студент қатыстырылды.

Оқытушылар мен студенттер арасында жастар біздің болашағымыз атты дөңгелек үстелде, сұрақ-жауап, әңгімелер өрбітілді.

Жауапты оқытушылар: доцент Фадеева О.Ю., аға оқытушы Жақсылықова Қ.С., аға оқытушы Кален Ф.