Қазақстан алтын жастары

Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында Нұрсұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слетінде Стоматология мектебінің 4 курс студенті Жамашев Жеңіс Жақсылықұлы «Жоғары оқу орнының үздік студенті» номинациясы бойынша «Қазақстан алтын жастары» сайлығының лауреаты дипломымен марапатталды.