Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Стоматолгия мектебінің кураторлық сағаттар топтамасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Стоматолгия мектебінің кураторлық сағаттар топтамасы
24.11.2020 күні «Балалар стоматологиясы» кафедрасында 3 курс студенттері арасында «Zoom» арқылы Тұңғыш Президент күніне орай кураторлық сағат жүргізілді. Кураторлар – Онайбекова Н.М., Ибрагимова К.Х.
Бұл кураторлық сағат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында белгіленген болатын.
СТ18-005-02 топ студенті Ойдаш Нұржайна өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің өмірбаян, саяси мансабы және отбасылық жайлы әңгімелеп берді.
Бірлік пен ынтымақты, бейбітшілік пен татулықты ту еткен Қазақстанның әрбір толағай табысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегінің жемісі екендігі сөзсіз. Бүгінгі «Мәңгілік елді» өзіне мұрат қойған Қазақстан Орта Азияның ең беделді мемлекеті қатарында.
Аталған іс-шара «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклі бойынша «Елдіктің бастауы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырумен аяқталды.