«Cтуденттік билет»

Стоматология мектебінің ұйымдастырылуымен болған 8 қыркүйек күні 1 курс студенттеріне «студенттік билет» табысталды. Атаулы кеште мектебіміздің деканы Амантаев Бақанай Амантаевич және деканымыздың орынбасары Жексембиева Анида Данияровна,Умирбекова Замзагүл Климовна, Шыңғыс Миятович,1 курсқа жауапты маман Даукенова Арайлым Ерболатовна болды. Кешіміздің соңы мектебіміздің 1 курс студенттерінің арасынан «таланттылар сайысы» өтті. Сайыста мың бұралған бишілер, күміс көмей әншілер өз өнерлерін ортаға салып, көпті таңдай қақтырды.Өнерлі деп танылған студенттер әр секторға бөлініп, алдағы жоспарлармен таныстырылды.Кастингіміз өте жоғарғы деңгейде өтіп,көрерменнің көңілінен шықты.